«Қазақ боксында шешілмеген бірқатар мәселелер бар» – Сатжанов © REUTERS / UESLEI MARCELINO

Қазақстан бокс құрамасының жаңа бапкері қазіргі жағдайға қатысты ойымен бөлісті

Қазақстан бокс құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Қайрат Сатжанов қазіргі қазақ боксында ақсап тұрған мәселелерді атап өтіп, болашақ жоспарымен бөлісті. Бұл туралы DopMedia.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып, хабарлайды. 

"Қазіргі таңда қазақ боксында шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Мұның бәрін біз Олимпиада-2024 ойындарының нәтижесінен көрдік. Мәселенің негізгі себебі- бұл жаттығу жоспарының дұрыс құрылмауы мен командамен бірге өткізілетін оқу-жаттығу жиындарының жоқтығы. 

Біздің алдымызда үлкен мақсаттарымыз бар. Юниорларға, жасөспірімдерге және ересектерге бірдей көңіл бөлуіміз керек. Сонымен қатар, Қазақстанда өткізілетін жарыстардың маңыздылығын арттыру қажет. Олардың барлығы әділ тұрде өту керек"-деді Сатжанов. 

Айта кетейік, Олимпиада-2024 ойындарынан кейін Қазақстан бокс федерациясының басшылығы жұмыстан кетіп, жаңа мамандар сайланған болатын.