Украиналық қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
1/8 финалдық кездесуде +92 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айбек Оралбай украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен кездесті. Жекпе-жектің бірінші раундында Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.