Ұлттық құрама ойыншысы еуропалық клубқа ауысты KFF.KZ

Қазақстандық жартылай қорғаушы ФК «Минск» сапында өнер көрсетеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушы Владислав Васильев белоруссиялық «Минск» футбол клубына ауысты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Васильев бұл күнге дейін «Ордабасы» сапында өнер көрсетіп, жалпы КПЛ-де 14 ойын өткізген. 

Ұлттық командамен бірге 12 ойынға қатысқан.