Шымкенттік клуб солтүстікке аттанып, жеңіспен оралды
Қазақстан премьер-лигасының 17-ші турында шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда «Шахтермен» кездесіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ойынның 14-ші минутында Сергей Малый алаңнан шеттетілді. Алайда, бұл жағдай «Ордабасыны» әбіреге салған жоқ. Шымкенттік клуб қарағандылықтарды 3:2 есебімен сенімді түрде жеңіп кетті.
Турнир кестесінде «Ордабасы» 29 ұпаймен үшінші орында тұр, ал «Шахтер» 8 ұпаймен ең соңғы орынға жайғасты.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?