«Тобыл-Жетісу» ойыны күтпеген нәтижемен аяқталды ФК «Тобол»

Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында қостанайлықтарды қабылдады

Кеше, 18 тамыз күні қостанайлық "Тобыл" сырт алаңда "Жетісуға" қарсы ойнап, жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

"Тобыл" сапынан Ислам Чесноков қарсылас қақпаға екі мәрте гол соғып, Руя Кошта есепті 3:0 етіп қорытындылады. 

Нәтижесінде, Қазақстан премьер-лигасының кестесінде "Жетісу" 18 ұпаймен оныншы орынға орнықса, "Тобыл" 22 ұпаймен үздік бестікті қорытындылап тұр.