Қазақстандық ойыншылар Ұлттар Лигасында ойнамауы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясы өзінің Instagram-аккаунтында Ұлттар лигасы аясында өтетін матчтарға қандай легионерлер шақыртылғанын хабарлады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
"Жігіттер команда қатарын толтыруда. Өзге ойыншылармен бірге командаға Нұралы Әліп, Максим Самородов, Рамазан Оразов және Лев Скворцов келді. Қалған футболистер командаға жақын арада қосылады",-делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұлттық құрама 10-шы қазан күні сырт алаңда Австриямен, ал 13-ші қазан күні Словенияға қарсы матч өткізеді.
Тағы да оқыңыздар: Словения мен Аустрияға қарсы матчта ұлттық құрама сапынан кімдер ойнайды?