Черчесовтың орнына еуропалық бапкер керек пе?
Қазақстан чемпионатында «Тобыл» және «Ақтөбе» клубтарында ойнаған австриялық футболшы Томаш Шимкович Ұлттар лигасының матчы қарсаңында Станислав Черчесов туралы өз ойын білдірді деп хабралайды Dopmedia.kz.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 10 қазан күні УЕФА Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда Австриямен кездеседі. Ойын Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында өтеді және Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Қазақстан құрамасын маусым айынан бастап ресейлік бапкер Станислав Черчесов басқарып келеді. Томаш Шимкович матч қарсаңында немістің Kicker журналына сұхбат берді.
- Станислав Черчесов маусым айынан бері құраманы жаттықтыру арқылы қандай жетістікке жетті?
- Әзірге ол туралы айту әлі ерте. Черчесов жақсы бапкер ретінде өзін дәлелдеген. Ресей құрамасын жаттықтырып, жоғары нәтиже көрсетті. Бірақ ол ресейлік. Қазақстан футболына еуропалық маман қажет. Батыс Еуропадан бапкер келіп, қазақтардың менталитетін өзгертсе, бір нәтиже болып қалуы тиіс.