Ұлттық құраманың бас бапкері мәлімдеме жасады
Бүгін, 10-шы қазан күні Ұлттар Лигасы аясында Австрия-Қазақстан құрамасының ойыны өтеді.Ойын Қазақстан уақытымен 23:45-те Линц қаласында басталады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Осы орайда, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов ойын алды баспасөз мәжілісінде пікір білдірді.
Австрияның допқа иелік ету ықтималдығын жоққа шығара алмаймын. Футболды біз де бірінші рет ойнап жатқан жоқпыз. Мықты команданың допқа иелік етуі қорытынды нәтижеге әсер етпеуі де мүмкін. Норвегияға қарсы ойында допқа иелік етеміз деп жеңіліс тапқандары да бар. Бүгінгі ойында барынша күш салып, жеңіске жетуге тырысамыз. Футбол өзі екі негізден тұрады: доп сенде немесе доп сенде емес. Болды. Қайта-қайта қорғанысқа иелік ету - біздің философиямыз емес" ,- деді Черчесов
Ойынды Qazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.