Қазақстанның U-17 құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңінде Бельгиядан жеңіліп қалды sports.kz

Ойын 3:1 есебімен аяқталды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің басында Бельгиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бірінші турдағы ойын Льежде өтіп, 3:1 есебімен 4-ші топ иелерінің пайдасына аяқталды.

Рене Митонго Мутебаның дубльі мен Аарон Муренцидің голына қазақстандықтар Шыңғыс Қалиев соққан голмен жауап берді.

12 қазанда Қазақстан құрамасы Эупенде Украинамен ойнаса, 15-і күні Льежде Косовомен кездеседі.