Боқауыз үшін – көк, расизм үшін – қара Фото ашық дереккөзден

Футболда енді қандай ескерту қағаздары пайда болады?

21 қаңтарда футбол тарихында алғаш рет ақ түсті ескерту қағазы көрсетілді.

Төреші әйелдер арасындағы «Бенфика» мен «Спортинг» командаларының матчында сапалы қызмет еткендері үшін дәрігерлерге осылайша алғысын білдірді. Әзірге бұл ойынның барынша әділ әрі сапалы өтуі үшін жасалған эксперимент болатын. Алайда бұл ескертпе қағаздар алдағы уақытта толыққанды енгізілуі мүмкін.

УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини қызғылт қызыл-сары түсті қағазды футболға енгізу үшін жан таласып жүр. Оның мағынасы – ойыншыны алаңнан белгілі бір уақытқа шеттету. Бұл ескерту хоккей матчындағы ережеге ұқсас.

Сонымен қатар В сериясында спорт мамандары жасыл түсті қағазды енгізіп, сынап көрді. Бұл қағазды ойын барысында футболшы Кристиан Галано алды. Ол төрешіге доптың айып алаңының сыртына қарсыласынан емес, одан кеткенін хабарлады. УЕФА мұндай әрекетке «адалдық картасын» көрсетіп, футболшыға сапалы әрі әділ ойыны үшін алғыс білдіреді.

Футболшылар дөрекі сөз айтқаны үшін де арнайы көк түсті ескертпе қағазын жасау идеясы бұрыннан айтылып жүр. Бірақ бұл бастама қолдау таппады, сондықтан әзірге бұндай оқиға үшін алаңда сары қағаз көрсетіледі.

Сондай-ақ матч барысында симуляция жасаған футболшылар үшін қызғылт түсті ескерту қағазын көрсету талқыланып жүр..

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, қара түсті қағаз да футболға қосылып қалуы бек мүмкін. Бұл ескерту қағазы футболшылар арасында нәсілшілдікті көтерген ойыншыларға беріледі.

Ал құрметті оқырман, сіз қандай түсті ескерту қағазын енгізер едіңіз?

    Көп оқылды: