«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды
Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтарып берді, деп Dopmedia.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Прокуратура органдары мемлекетке заңсыз берілген 37 жер учаскесін, сондай-ақ 900 млн теңгеге бағаланған «Сарыарқа» хоккей клубын қайтарып берді. Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеруде», – деп Қарағанды облыстық прокуратурасы хабарлады.
Бұл туралы мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады деп көрсетілген.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?