«Мен ешкімнен қорықпаймын» — Шерзаттың әкесі өрттен кейін үндеу жасады Әлеуметтік желіден алынған

Марқұмның әкесі әділдік орнайтынына сенеді

Күні кеше Талғарда қайтыс болған 16-жасар Шерзаттың үйі өртке оранды. Бұл оқиға бүкіл Қазақстанды дүрліктіргені рас. Осы орайда марқұм Шерзаттың әкесі халыққа үндеу жасады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

«Баршаңыз сабырлық сақтаңыздар. Тағы да қан төгілгенін қаламаймын. Түннен бастап мына жерде барлық құқық қорғау органдары жүр. Бүкіл қылмыскерлер жазаларын алады деп сенемін. Кім болса да, мен ешкімнен қорықпаймын. Тек бәрі сабыр сақтасын. Қан төгілмесін. Органдар бәрін заң түрінде әділетті шешеді. Қандай жағдай болмасын біздің мемлекетіміздің әділеттілігіне сенемін. Мені біреу қорқып қалды деп ойласа, онда қателеседі. Мен ешкімнен де қорықпаймын»,-деді марқұмның әкесі. 
 

Тағы да оқыңыздар: «Қылмыстық іс министрдің бақылауында» — ІІМ бірінші орынбасары