«Барыс» қақпашысына қомақты қаражат төлейді
«Барыс» хоккей клубының жаңа қақпашысы Юхан Маттссон бір жылдық келісімшарт бойынша 30 миллион рубль (шамамен, 160 миллион теңге) табады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
12 шілдеде қазақстандық хоккей клубының баспасөз қызметі 2024/25 маусымының соңына дейін швециялық қақпашымен келісімге қол қойғанын мәлімдеді.
2022/23 маусымда 32 жастағы Маттссон «СКА» командасы үшін ҚХЛ тұрақты чемпионатының 12 матчына қатысты. Ол 5 жеңіске жетіп, қақпаға бағытталған соққының 91,8%-ын қайтарған.
Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы орынға түсіп қалған болатын. Қазақстандық клуб 68 матчтың қорытындысы бойынша небәрі 50 ұпай жинады.