Француз ойыншысы үндеу жасады
Әлем чемпионы Поль Погба өзінің бойынан допинг анықталғаннан кейінгі өмірінде қандай өзгерістер орын алғанын ашып айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz
"Біз бәріміз адамдармыз, әрқайсымыздың өз сезімдеріміз бар. Шеттетілген кезде, өмірдің мәнін қайта түсінуге тура келді. Бұрынғы Поль Погба жоқ енді. Адамдар менен алыстай бастады. Бұрын мені сән көрсетілімдеріне және әртүрлі іс-шараларға шақырса, қазір олар: 'Бізге Погба қажет емес' дегенді айтады. Тіпті достарымның өзі қоңырау шалуды доғарды", - деді Поль ESPN-ге берген сұхбатында.