Жаңа директор клубтағы легионерлермен қош айтысты
"Барыс" хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев алғашқы баспасөз конференциясын өткізіп, клубта болатын ауыс-түйістерді айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Бір-екі күн бұрын Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан ұсыныс түсті. Біз спорт министрімен кездесіп, жұмысымның барлық нюанстарын, егжей-тегжейін талқыладық. Бүгіннен бастап клубтың басшысы болып жұмыс істеймін. Менің ұсыныстарым қолдау тапты, және бүгіннен бастап бұл өзгерістер басталды", – деді Нұрлан Оразбаев.
Сонымен бірге Нұрлан Оразбаев "Барыс" хоккей клубы Даниил Апальков және Владислав Кодоламен келісімшартты бұзғанын мәлімдеді.
"Сол сияқты біз барлық легионер-солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламалар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған барлық ойыншылар ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз", – деді Оразбаев.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?