ҰОК Президенті Геннадий Головкин өз бапкерін Қазақстанға шақыртты
Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақ боксшыларын Азия чемпионатына дайындау үшін өзінің американдық бапкерін елімізге шақырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Американдық Кристофер Камачо біздің жігіттерді 30 қараша мен 12 желтоқсан күндері аралығында өтетін бокстан Азия чемпионатында дайындайтын болды.
Кристофер Камачо ұзақ жылдар бойы Головкинды жаттықтырып келген бапкер. Сондай-ақ, ол MMA саласының үздіктері Хабиб Нурмагомедов, Дэниел Корьме секілді файтерлермен жұмыс істеген,-деді КБФ.
Айта кетейік, бүгінгі күні ұлттық құраманың бас бапкері қызметін Қайрат Сатжанов атқаруда.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?