Футбол тарихындағы ең үздік ойыншы кім? Чемпионат

Ривалдо жауап берді

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Ривалдо әлемдегі ең үздік ойыншыны атады деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

"Мен үшін бұл Месси немесе Пеле. Пеленің ойынын көзбен көрмедім, бірақ оның өнері жайлы көп естідім және видеоларын көрдім. Барлығы оның керемет ойыншы болғанын айтады. Ол үш рет әлем чемпионатын жеңіп алған және өзі бразилиялық... Бірақ Месси де Пелеге ұқсас. Ол да әлем чемпионы болуды армандап, сол мақсатына жетті. Месси кез келген матчты өз пайдасына өзгерте алады. Оның қайта ойнап, бізге тағы да әсерлі сәттер сыйлайтынына сенемін," – деп Ривалдоның Sport.es басылымына айтқан сөздерін келтіреді.

Айта кетсек, Месси 2023 жылдың жазында «Интер Майами» клубына ауысты. Осы маусымда аргентиналық шабуылшы американдық команда сапында 19 матч өткізіп, 20 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Мессидің «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін жарамды. Қазіргі уақытта Мессидің командамен бірге алған 46 жүлдесі және 56 жеке марапаты бар.