instagram.com/ilyina_tatyana_
Қазақстандық спортшы әлеуметтік желіде жеке өмірі туралы айтты
Қазақстандық спортшы Илья Ильин әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Илья Ильин 10 айлық қызының тілі шыққанын айтты.
"Айлиша алғашқы сөзін айтты, "әке" деді. Бұл жақсы жаңалықты сіздермен бөлісіп отырмыз", - деп жазды Ильин.
Айта кетейік, биыл ақпанда Илья Ильиннің екінші перзенті дүниеге келген еді. Қызға Айли деген есім берілді. Спортшы өткен жылдың қаңтарында екінші рет отау құрған болатын. Оның таңдауы кәсіпкер Татьяна Гордиенкоға түскен.





