"Реал" Мбаппенің футболкасын сатып қанша табыс тапты? sports.ru

Бір күннің ішінде 7000 футболка сатылып кетті

Бір күнде "Реал Мадрид" клубының ресми дүкендері арқылы Килиан Мбаппенің 7000-нан астам футболкасы сатылып үлгерді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Футболкалар 11 шілдеде сатылымға шықты, сол күннің өзінде бұрын-соңды болмаған рекорд орнады.

Бір күннің ішінде мадридтік клуб өзінің ресми интернет-дүкені арқылы 1 000 000 еуродан астам қаражат жинады.

Килиан Мбаппенің есімі жазылған футболканың қазіргі бағасы 170 еуро тұрады. 

Айта кетелік, кеше, 17 шілде күні "Реал Мадрид" клубы Килиан Мбаппені "Сантьяго Бернабеу" стадионында ресми таныстырған болатын.