Барселонаның жаңа тарихы: Ямаль 19-шы нөмірдің атынан ойнайды Goal.com

Ламин Ямаль «Барселонада» жейдесінің нөмірін ауыстырды

Испания құрамасының және «Барселона» футбол клубының  шабуылшысы Ламин Ямаль клубтағы нөмірін өзгертті. Енді ойыншы 27-нің орнына 19 деген саны бар нөмірлі жейде киеді, деп хабарлайды dopmedia.kz 

Айта кетейік, 19 нөмірлі футболканы «Барселонаның» аңыз ойыншысы Лионель Месси киген.

Ямаль 2024 жылғы Еуропа чемпионатына Испания құрамасы сапында қатысты. 17 жастағы футболшы Еуропа чемпионатында барлық жеті матчқа қатысып, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 

Transfermarkt порталы Ямальдің  нарықтағы құнын 90 миллион еуроға бағалайды.