V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына бүгін тура 50 күн қалды.
Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, көшпелілер мәдениетінің бірегей мерекесі саналған әлемдік оқиға дәстүр мен заманауи жетістіктерді насихаттау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар мен көрермендердің басын біріктіреді,- деп хабарлайды dopmedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Әлемдік спорт шарасына 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, бас серіктесі – Халық банкі.
Ойынның маңызды бөлігінің бірі «Бірлік керуені» мәдени бағдарламасы. Бұл бірегей жоба көшпелі халықтардың мәдени байлығы мен алуан түрлілігін көрсетуге бағытталған.