Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық файтер әлі де рингке оралып, мансабын аяқтағысы келетінін мәлімдеді,-деп хабарлайды dopmedia.kz 

«Мақсат - UFC-ге оралу. Қазір менеджерім келіссөз жүргізіп жатыр. Сол жаққа барсам деймін. Егер мүмкіндік болса, келісімшартқа отырамын. Болмаса, мансабымды аяқтаймын. Соңғы жекпе-жектен кейін көп ұсыныс болды. Бірақ мен мансабымды UFC-де аяқтағым келеді», - деді файтер «Baza Podcast» YоuTube-арнасына берген сұхбатында.