Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері қазіргі қазақ боксына қатысты ойымен бөлісті
Олимпиада-1996 ойындарының қола жүлдегері, Сидней-2000 Олимпиадасы чемпионы қазақстандық боксшы Ермахан Ибраимов Өзбекстан мен Қазақстан елдерін салыстырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Қазақстан мен Өзбекстанды тек бір жақты салыстыруға болмайды. Екі мемлекеттің де осы күнге дейін жетістіктеріне қарау керек. Қазақстанда жыл сайын жаңа есім шығып, боксшылардың дәуірі ауысуда. Бұл біздің болашақ чемпиондарымыздың тәжірибе жинақтап жатқан маусымы. Лос-Анджелесте үлкен жетістіктерге жететінімізге сенемін. Қазір Өзбекстан Олимпиада ойындарының шарықтау шегінде. Барша танымал спортшылар екінші мәрте Париж төрінде бақ сынасты. Бізде де ондай жайттар болған. Біз көрші мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне қуана білуіміз керек. Әлем тек бір салада ғана дамымайды- бұл ескі түсінік»,-деді бокс ардагері.
Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы Олимпиада ойындарында 5 алтын медаль жеңіп алды. Ал, Қазақстан құрамасы тек бір күміспен елге оралды.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі