Назым Қызайбай елге оралды
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Meta-ratings.kz-ке берген сұқбатында әлемнің үш дүркін чемпионы болу мақсатын алға қойғанын айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Мен әрқашан қолдау көрсеткен барша халыққа алғысымды білдіремін. Ең алдымен, анамның дайындаған тамағын жегім келеді. Екі аптадай демалып, әртүрлі іс-шараларға қатысамын. Осыдан кейін жаттықтырушыммен бірге жоспар құрып, жаңа мақсаттар қоямыз. Бокста әлемнің үш дүркін чемпионы жоқ, сондықтан үшінші рет «алтын» алғым келеді», – деді Қызайбай.
Еске салайық, бүгін, 12 тамызда таңертең Назым Қызайбай елге оралды. Назым Қызайбай 51 кг салмақ дәрежесінде 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионы атанған. Енді ол бұл жетістігін тағы бір рет қайталап, тарихқа өз есімін алтын әріппен жазуды көздеп отыр.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?