Қазақстанның бокс ардагері Олимпиада қорытындысына қатысты пікір білдірді
Пекин-2008 Олимпиадасының чемпионы, қазақ боксының ардагеры Бақыт Сәрсекбаев қазіргі бокс федерациясы басшылығының өзгеру ықтималдығына қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz
"Қазақ боксшы басшысыз қалмайды. Айтжанов кетсе, Сатжанов келеді.
Боксқа басшылық етемін деп келетін кез-келген адамға қазіргі жағдайда қызмет атқару оңайға соқпайды. Мырзекең есігін жауып, жарығын сөндіріп кеткен боксты қайта қалпына келтіру үлкен күш-жігерді талап етеді. Жаңа команданы құру оңай емес. Қалай болса да, жаңа жетекшіге сәттілік тілеп қояйық",-деді Сәрсекбаев.
Айта кетейік, биылғы Олимпиада ойындарында бокс федерациясы 7 спортшыны жіберіп, тек бір күміспен ғана оралды.