Станислав Черчесов уақыты болмай жүргенін айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Матч ТВ арнасына берген сұқбатында Ресей біріншілігінің ойындарын көруге уақыты болмай жүргенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов сенбі күні Ресей чемпионатының бірінші туры кезінде "Локомотив" пен "Акрон" клубтары арасындағы матчты тамашалады. Алайда ресейлік тілшілер Черчесовтен "Спартак" – "Оренбург" ойыны жайлы пікірін сұрады.
"Мен "Спартак" пен "Оренбург" арасындағы ойынды көрмедім. Бірақ мені футбол қызықтырмайды, олардың қалай ойнайтынына мән беремін. Мен келесі ойындарды көретін боламын, бүгін "қазақтардың шаруасымен" қолым босамады", – деді Станислав Черчесов.
Айта кетейік, 3 маусымда Станислав Черчесов Магомед Адиевтің орнына футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын.
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын
-
13 қыркүйек, 2024
Құсбегіліктен өткен жарыстың жеңімпазына автокөлік кілті табысталды
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпар мен көк бөрі ойындары алып тасталыну ұсынылды
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар