Бас бапкер қазақстандық боксшы қыздардың мүмкіндігін бағамдады
Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин боксшы қыздарымыздың Олимпиадаға дайындығы, жүлдеге таласу мүмкіндігі туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас бапкер Елдос Сайдалин боксшы қыздарымыздың Париждегі алғашқы жаттығуын бастағанын, спортшылардың дайындығының жақсы екенін жеткізді. Сондай-ақ боксшы қыздардың жүлдеге таласу мүмкіндігі бар екенін де жасырмады.
"Олимпиада ойындарына ешкім жеңілемін деп келмейді. Барлық спортшының басты мақсаты – қарсыласын ұтып, жеңіс тұғырынан көріну. Өздеріңіз білесіздер Париж Олимпиадасына әйелдер құрамасынан 50 келіде Назым Қызайбай, 57 келі салмақта Карина Ибрагимова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова жолдама жеңіп алды. Үшеуінің де жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар. Бұл боксшыларымыз өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алып отыр. Парижда да барын салып жүлдеге таласа алады", – деді бас бапкер.
Париж Олимпиадасында бокс бәсекелері 27 шілдеде басталады. Қазақстан әйелдер құрамасынан алғаш рет үш боксшы сынға түседі. Олар: Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Назым Қызайбай (50 кг).
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?