Энди Маррей Олимпиада ойындарынан кейін зейнетке шығатынын мәлімдеді.
Әлемдік теннисші Олимпиада-2024 ойындарынан кейін кәсіби теннистегі мансабын аяқтап, зейнетке кетеді,- деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі.
37-жасар Уимблдон турнирінің екі дүркін жеңімпазы, жекелей сында өнер көрсеткен Олимпиада ойындарының екі мәрте алтын иегері өзінің бесінші додасына қатысады.
Соңғы турнирімді өткізу үшін Парижге келдім. Ұлыбритания ұлттық құрамасының намысын қорғап жүрген уақыт мен үшін ең ыстық әрі қымбат кездердің бірі болып саналады. Бұл әрекетімді тағы бір мәрте қайталай алатыныма өте қуаныштымын,- деді Маррей өзінің Х парақшасында.
Маррей ерлер теннисі тарихындағы ең ұлы дәуірде адам таң қаларлық мансабын құрды. Ол үш Үлкен дулыға турнирі- екі Уимблдон және АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетіп, екі Олимпиада алтыны иегері атанып, 2016 жылғы ATP финалында мінсіз ойын көрсетіп, 14 Masters 1000 титулын жеңген жалғыз теннисші.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?