Дмитрий Баландин әке атанды
Жүзу спортынан Қазақстан тарихында Олимпиаданың жалғыз әрі тұңғыш чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазған, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Сәби 28 шілдеде дүниеге келген. Ата-анасы қызының есімін Оливия деп атаған.
Айта кетейік, Дмитрий Баландин 2022 жылы кәсіби мансабын аяқтап, сол жылы шаңырақ көтерген. Дмитрий Баландиннің жұбайы да спортшы – синхронды жүзуден Қазақстанның спорт шебері.
Баландин 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде топ жарып, чемпион атанған болатын. Ол Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, 2015 жылғы Универсиада чемпионы.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі