Қазақстандық семсерлесушілер мысырлықтарды жеңді Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық спортшылар жеңіске жетті

Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық семсерлесушілер командалық сында Египетке қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы 5-8-орындарды сарапқа салу үшін Египет спортшыларымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық семсерлесушілер 36:21 есебімен басым түсті. 

Бұл жарыста 5-орынды иелену үшін Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізеді.