Рамазан Оразов командасына көмектесті
Дания футбол чемпионатының үшінші турындағы кездесуінде «Силькеборг» өз алаңында «Виборг» командасын қабылдады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Бұл ойында «Силькеборг» клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына аяқталып, олар қарсыластың қақпасына үш гол соғып үлгерді. «Силькеборг» сапында Андреас Пиндт (9-минут), Юнес Бакис (12-минут) және Понтус Родин (40-минут) гол соқты. Екінші таймның басында «Виборг» ойынға қайта оралып, Даниэль Анюэмбе (47-минут) және Йеппе Греннинг (52-минут) көзге түсті.
«Силькеборг» командасынла доп тебетін қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов ойынның 63-минутта алаңға шықты.
Үш ойыннан кейін «Силькеборг» алты ұпай жинаса, «Виборг» бір ұпайға ие болды.