Максим Самородов «Ахматқа» ауысты
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов ресми түрде грозныйлық «Ахмат» футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Максимді біздің ұжымда құшақ жая қарсы аламыз және оған сәттілік тілейміз!», – делінген клубтың Telegram арнасында.
Биылғы Қазақстан чемпионатының маусымында 22 жастағы Максим Самородов 13 матч өткізіп, 5 гол соғып және 2 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, оның есебінде Конференция лигасында өткізген екі ойын бар, алайда ол ойындарда нәтижелі әрекеттермен көзге түспеген.
Transfermarkt интернет-порталы футболшының құнын 1,2 миллион еуроға бағалап отыр.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын