«Бұл ғасырдың адамы емес»: Мбаппе Криштиану Роналду жайлы Интернет желісінен алыңған

Еуро-2024 чемпионаты қарсаңында Португалия және Франция құрамаларының арасында өткізілетін бүгінгі ширек финал ойыны Киллиан Мбаппе үшін өте маңызды.

Киллиан бала кезіндегі сүйікті ойыншысы Криштиану Роналдумен бір алаңда кездеседі. Ойын алды баспасөз кездесуінде 25 жасар француз Роналду жайлы пікір білдірді,- деп хабарлайды dopmedia.kz 

«Ол бұл ғасырдың адамы емес. Уақыт өте келе онымен жақындасып, жеке кездесулер өткізуім мен үшін үлкен мәртебе. Біз әлі күнге дейін араласамыз, ол маған көп көмектеседі. Менің жеке өмірімде не болып жатқанын біледі. Қолынан келгенше тырысып, маған өмірлік кеңестерін айтады»,- дейді Мбаппе.