Олимпиада-2024: Лицензия саны 90-ға жетті Интернет желісінен алыңған

Париждегі Олимпиада ойындарында өнер көрсететін теннисшілер құрамы жасақталды. Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан атынан жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко бақ сынайды.

Ал жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов бір-біріне қолқабыс болады. Осылайша Ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына жеңіп алған лицензия саны 90-ға жетті. 79 атлетіміз спорттың 25 түрінен ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Олимпиада-2024 ойындары Францияның астанасы Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.