Англия Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды Ашық дереккөзден алынған

Ли Карсли уақытша бас бапкер ретінде тағайындалды

УЕФА Ұлттар Лигасы-2025 турнирі басталмастан бұрын, Англия ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде уақытша Ли Карсли тағайындалды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, Карсли Англия U-21 жастар құрамасының бас бапкері қызметін күзге дейін атқарады. Кейін, күздің үш айы бойы барлық назарын негізгі ұлттық құрамаға бұрады. 
 

"Англия ұлттық құрамасын уақытша басқару мен үшін үлкен мәртебе. Жалпы ойыншылармен таныс болғанып үшін және халықаралық футболдың жұмысын білгенімнің себебімен басшылық мені осы лауазымға лайық көрді деп санаймын. Біздің басты мақсатымыз- УЕФА Ұлттар лигасының шыңына шығу",-деді Карсли.