EURO-2024: Роналду тағы көз жасын төкті Getty İmages

Португалия ұлттық құрамасына қарсы жасыл алаңда бақ сынасқан Франция құрамасы пенальти сериясында жеңіске жетіп, Еуропа Чемпионатының жартылай финалына жолдама алды,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Екі елдің де негізгі құрамын Киллин Мбаппе мен Криштиану Роналду бастап шықты. 

Ойынның негізгі уақыты 0/0 есебімен бітті. 90 минут пен қосымша уақыт ішінде екі құрама да нәтижелі соққы жасай алмады. Кейін 15 минуттан екі экстра-тайм берілді. Ол да тең есеппен аяқталды. 

Нәтижесінде ойынның жеңімпаз құрамасы пенальти сериялары арқылы анықталды. Шешуші соққыны Франция құрамасының шабуылшысы Жуан Феликс жасады. 

Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы жартылай финалына бірінші болып Германия құрамасына қарсы ойнаған Испания шықты.