"Астана" клубы әмбебап футзалшыны қатарына қосты Фото ашық дереккөзден. Суретте: Хади Ахмади

Хади Ахмади «Астана» құрамында доп тебеді

Елордалық «Астана» футзал клубы бұрын «Ақтөбе» командасында ойнаған әмбебап ойыншы Хади Ахмадиді құрамына қосты, деп Dopmedia.kz Instagram желісіндегі Futsal Kazakhstan парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметіне сүйенетін болсақ, «Астана» қазіргі уақытта Әзірбайжанның Баку қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, сол жерде Хади Ахмади де жаттығу жасап жүргені хабарланды.

Бұған дейін 30 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ақтөбе» командасының намысын қорғаған болатын.