Паралимпиада-2024: алғашқы жарыс күнінде ел намысын кімдер қорғайды? Kyodo News via Getty Images

Паралимпиада ойындарының бірінші күніне арналған жарыс кестесі

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрі бойынша сынға түседі. Жарыстар Астана уақыты бойынша басталады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

13:20. Пара таеквондо. Әйелдер, 52 кг дейін. 1/8 финал.

Милана Красавцева (Қазақстан) — Элизабет Джералдо Диас (Доминикан Республикасы)

Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда медаль үшін кездесулер өтеді.

23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала тур, А тобы

Франция — Қазақстан

Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындар 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы қатысады. Ал кеше, 28 тамызда Паралимпиада ойындардың ашылу салтанаты өтті.