Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бақтиер Зайнутдиновқа қатысты пікір білдірді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ахмат» футбол клубының шабуылшысы Максим Самородов жасыл алаңдағы сенімді серігі Бақтиер Зайнутдиновқа қатысты ойымен бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Зайнутдинов ұлттық құраманың жұлдызы деген пікірмен келісемін. Әрине! Ол киім ауыстыратын бөлмеде де, жасыл алаңда да көшбасшы. Баха қазір өте жақсы деңгейде ойын көрсетуде. Біз Ресейге мықты легионерлер келеді деп жүрсек, онда Түркияға әлем жұлдыздары кетеді. Көбісі «Галатасарай» үшін ойнайды немесе сол «Бешикташ». Бахамен бірге Иккарди, Заа, Иммобиле өнер көрсетеді. Зайнутдинов- Қазақстан ұлттық құрамасының ішіндегі жоғары дәрежеде ойын көрсете алатын жалғыз футболист»,- деді Самородов.
Айта кетейік, Максим 6 тамыз күні ресейлік «Ахмат» футбол клубымен 2028 жылға дейін келісімшартқа қол қойған болатын.