Өзбек бапкері өз шәкіртінің жеңісіне пікір білдірді
Бокстан Өзбекстан командасының бас бапкері Толқын Қылышев Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бірінші раунд Сәкеннің пайдасына шешілді. Біз мұны түсіндік. Ол ұзын бойлы, физикалық тұрпаты да жақсы. Біз мұның бәрін білдік және оған арнайы дайындалдық. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, Хасанбой физикалық тұрғыдан мықтырақ болды. Бибосынов салмақ қуады. Ал арық боксшы салмақ тастағанда – ол қатты шаршайды. Дусматов бірінші раундта ұтылды, біз оған: «Уайымдама, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр», – дедік. Сәкен бірінші раундта көп күш жұмсады. Екінші раундта Хасанбой қарқынын арттырып, минималды түрде жеңіске жетті. Үшінші раунд таза Дусматовтың пайдасына шешілді және мен төрешілердің шешіміне күмәнданбадым», – деді Толқын Қылышев.
Айта кетейік кетейік, Париж Олимпиадасы аясында Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов 1/4 финалдық кезеңде кездесіп, өзбек боксшысы жеңіске жеткен. Хасанбой Дусматов осы додада топ жарып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие болды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?