Роналду футболдан кетіп, мансабын аяқтай ма? Ашық дереккөзден алынған | Криштиану Роналду

Криштиану Роналдуның мансабына қатысты жаңа деректер пайда болды

Португалия ұлттық құрамасы мен «Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабын аяқтау ықтималдығы бар. Бұл пікірмен Рио Фердинанд бөлісті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

«Мен көп нәрсе айта алмаймын. Бірақ, Роналдумен бір алаңда ойнап, сырттан да көп бақылаған болатынмын. Ол футболды қанша қаласа да, сонша уақыт ойнай алады. Көреміз...Менің ойымша, ол әлі үш жылдай жасыл алаңнан кетпейді»,-деді экс-клубтасы.

Айта кетейік, 39-жасар Роналду 2003 жылдан бері Португалия ұлттық құрамасы үшін 212 ойын өткізіп, 130 гол соққан болатын.