Қазақстан бокс құрамасына бас жаттықтырушы тағайындалды Фото Instagram / @boxingkazakhstan

Құраманы Қайрат Сатжанов жаттықтырады.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Еліміздің болашақ чемпиондарын енді Қайрат Сатжанов жаттықтырады. Сатжановқа қойылған басты талап- оның жеке шәкірті болмайды. 

Айта кетейік, жаңа бапкер осыған дейін 2021-2022 жылдары құраманы тізгіндеген.