Нариман Құрбанов елдегі гимнастиканың жай-күйі туралы айтты
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сайтымыздың тілшісіне берген сұқбатында елдегі гимнастиканың жай-күйі жайлы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Елімізде спорттық гимнастикаға арналған кәсіби спорт кешендері аз екені сөзсіз. Алайда Олимпиада ойындарындағы жетістік бұл спорт түрін жандандыруға тың серпіліс береді деп сенемін. Сондай-ақ осы бағыттағы залдардың салынуына жол ашылады.
Басты мәселе – әлемдік стандарттағы құралдардан жабдықталған кәсіби кешендердің аздығы. Жарыстар Азия немесе Еуропада өтетін болса, біз алдын ала сол елдегі кешендерде жаттығуға мәжбүрміз», – деді Нариман Құрбанов.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов Dopmedia.kz тілшісіне көлемді сұқбат беріп, Олимпиададағы жеңісі, елдегі гимнастиканың дамуы, жеке өмірі турасында жан-жақты айтты.