Нариман Құрбанов қашан отбасы құратыны туралы пікір білдірді
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері гимнастшы Нариман Құрбанов сайтымыздың тілшісіне берген сұқбатында қазақ қызына қашан үйленетін жайлы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Үйлену тойым қыркүйек айында болады. Бұл кезең жаңа спорттық маусымға да дайындалуға да, отбасын құруға қолайлы уақыт болды.
Менің болашақ жарымның есімі – Аида. Ол да гимнастикамен айналысады, ол да бар өмірін осы спорт түріне арнап келеді. Біз 2018 Джакартада өткен Азия ойындарында танысып, содан бері жақсы қарым-қатынаста болдық. Нәтижесінде, осы күнге де жеттік», – деді Нариман Құрбанов.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов Dopmedia.kz тілшісіне көлемді сұқбат беріп, Олимпиададағы жеңісі, елдегі гимнастиканың дамуы, жеке өмірі турасында жан-жақты айтты.