«Барселона» өзінің жартылай қорғаушысынан айырылып қалуы мүмкін FC Barcelona ©

Илкай Гюндоган клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді

Каталондық клубтың жартылай қорғаушысы, неміс футболшысы Илкай Гюндоган клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Diario Sport басылымының айтуынша, тренерлік штаб пен басшылық ойыншыны сатуға қарсы емес және барлық жайттан хабардар. 

Айта кетейік, Илкай «Барселона» сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетуде.