Рамазан Оразов Даниядағы жеңіс сериясын еселей түсті instagram/silkeborgif_officiel. Суретте: футболшы Рамазан Оразов

«Силькеборг» клубы өз алаңында жеңіске жетті

Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов «Силькеборг» клубы сапында алаңға шығып, өз командасына көмектесті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

«Силькеборг» клубы өз алаңында «Норшелланн» командасын 4:1 есебімен жеңді.

Ойынның 65-минутында Рамазан Оразов алаңға шықты. Бұл кезде есеп 2:1 болды. Оның алаңға шығуы команданың шабуылын күшейтіп, нәтижесінде «Силькеборг» командасының жеңісіне алып келді.