«Аль-Иттифак» футбол клубының бас бапкері Стивен Джеррард Аргентина Ұлттық құрамасының капитаны Лионель Мессимен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр,- деп хабарлайды dopmedia.kz
Джеррардтың айтуынша, Мессимен келісім-шарт жасасу өте қиын. Десе де «Аль-Иттифак» қатарында аргентиналық ойыншыны көргісі келеді екен.
«Мессиді “Аль-Иттифакта” көру менің арманым. Ол ғажап ойыншы және клубқа оң әсерін тигізе алушы еді. Иә, Саудияға көшіп келуі қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ армандағанның жаманы жоқ»
Айта кетейік, Лионель Месси қазіргі таңда америкалық “Интер Майами” сапында ойын көрсетуде.