АПЛ: Нистелрой «МЮ»-ға оралды Фото: © Ben Radford / Staff / Getty Images Sport / Getty Images

Нидерландтық шабуылшы Рууд Ван Нистелрой «Манчестер Юнайтед» футбол клубына қайта оралды. Ол клубтың бапкерлер құрамасына кіріп, Эрик тен Хагтың кеңесшісі атанады,-деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі

48 жасар футболшыға өзге клубтардан бас бапкер ретінде қызмет атқаруға түрлі ұсыныстар түскен екен. Бірақ, Нистелрой 2001-2006 жылдары 150 гол салып, жанын беріп ойнаған «Манчестер Юнайтед» клубына оралуды жөн көрді.

2022/23 маусымын қорытындылай келе, Нистелрой «ПСВ» командасын Нидерланды чемпионатының күміс жүлдегері жеңімпазы дәрежесіне дейін жеткізген.

«Манчестер Юнайтед» сапында экс-шабуылшы 4 трофей жеңіп алып, 1 рет чемпионат, Кубок және елдің Суперкубок чемпионатының жүлдегері атанған.