Қазақстандық таеквондист хорватилық қарсыласынан жеңісті жұлып әкетті Фото: Мейіржан Амангельдиев

Нышан Өмірәлі жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті

Нышан Өмірәлі Паралимпиада-2024 ойындарының  жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Қазақстандық пара таеквондошы Нышан Өмірәлі, К44 +80 кг классында, жұбаныш жекпе-жегінде хорватиялық спортшы Иван Микуличті 24:8 есебімен жеңді. Енді Нышан қола медаль үшін күресетін болады.

Жекпе-жек Астана уақытымен 22:20-де өтеді.