Англия ұлттық құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт британдық БАҚ-қа наразылық танытуда,- деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі
Бапкердің айтуынша тілшілер команданың ішкі ақпараттарын көпшілік алдына ұсынып, қарсыластардың жеңіске жетуін жеңілдетуде.
«Біз турнирды жеңуге тырысып жүрсек, өзіміздің британдық БАҚ өзімізге қарсы шығуда. Оқу-жаттығу жиындарын аяқтағаннан кейін арада 2 сағат өтіп Швейцарияға қарсы ойында қандай схема бойыша ойнайтынымызды жариялап қойды. Бәлкім олар ақпаратты құрамадағы бір адамнан алған болар, бірақ мұның бізге қандай пайдасы бар?»,- деп ашуланды Саутгейт.